×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Halyk Bank Қырғызстандағы бизнесін сатады: акциялардың жаңа иесі кім болады

11.11.2023, 10:58
Фото: Ашық дереккөз

Қазақстандық Halyk Bank Қырғызстандағы еншілес банкінің 100 пайыз акциясын сатуға келісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Лондон қор биржасының ақпаратына сәйкес, Halyk Bank Қырғызстанның жаңа иесі Visor International DMCC холдингі инвесторларының консорциумы болады. Сонымен қатар, транзакция Қырғызстан Ұлттық банкінің келісімін алғаннан кейін аяқталуы мүмкін.

– Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамы (LSE: HSBK; KASE: HSBK, HSBKd; AIX: HSBK, HSBK.Y) Visor International DMCC инвестициялық тобына кіретін сатып алушылар консорциумымен келісімге келгенін хабарлайды. Яғни, «Халық Банк Қырғызстан» ААҚ акцияларының 100 пайызы сатылымға шығады, - делінген банктің биржа сайтындағы мәлімдемесінде.

Қаржы ұйымы сонымен қатар Visor Group банкті жеке заңды тұлға ретінде сақтап, Қырғызстандағы дамуын жалғастыруға ниетті екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Moody's Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі Халық банкінің ұзақ мерзімді депозиттік рейтингтерін Baa2 деңгейінде растап, болжамды тұрақтыдан оңға өзгерткен болатын.

Серіктес жаңалықтары