×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Оралда тұрғын үйден 15 метр қашықтықта сібір жарасы бар қорым анықталды

11.11.2023, 14:51
Оралда тұрғын үйден 15 метр қашықтықта сібір жарасы бар қорым анықталды
Фото: Ашық дереккөз

Оралда бір тұрғын үйден 15 метр, екінші тұрғын үйден 50 метр қашықтықта орналасқан сібір жарасы бар қорым табылды. 83 метр қашықтықта Дерқұл ауылдық округі әкімдігінің ғимараты орналасқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыста сібір жарасы жерленген 222 орын бар. Олардың көпшілігі талапқа сай келмейтін қарабайыр құрылымдар.

– Мәселен, Сырым ауданындағы 32 мал қорымында қоршаулар мен ескерту белгілері мүлде жоқ, – дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Әділхан Сабыров.

2017-2023 жылдар аралығында бұған бюджеттен қаражат бөлінбеген. Баяндамашы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес көмілген күйдіргі қорымдары бірінші қауіптілік санатындағы нысандарға жататынын атап өтті. Олардың санитарлық қорғау аймағы 1000 метрден кем болмауы керек.

20 қыркүйекте Абай облысында сібір жарасына байланысты төтенше жағдай енгізілгені мәлім болған. 26 қазанда Қарағанды ​​облысындағы бір ауылда дәл осындай себеппен карантин енгізілді.