×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

ДДҰ: Газа секторында әрбір 10 минут сайын бір бала өледі

11.11.2023, 15:48
who.int

Газа секторында әрбір 10 минут сайын бір бала өледі. Бұл туралы ұйымның қауіпсіздік кеңесінің Таяу Шығыстағы жағдайға арналған отырысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Газа секторында 10 800-ден астам адам қаза тапты, олардың 70% дерлік әйелдер мен балалар. Орта есеппен Газа секторында әрбір 10 минут сайын бір бала қайтыс болады, - деді Тедрос Гебрейюс.

Ол сондай-ақ Газадағы 1,5 миллион адам үйін тастап, «пана іздеуге мәжбүр болған, бірақ ешкім еш жерде қауіпсіз емес» деген деректерді келтірді.

"27 000 адам зардап шекті, олардың көпшілігі өміріне қауіп төндіретін жарақат алды. Медицина қызметкерлері 2 миллионнан астам адамның денсаулығы үшін күресіп жатыр. Газа секторында күн сайын 180-нен астам әйел босанады", - деп қосты ДДҰ бас директоры.

Еске салайық, 7 қазанда ХАМАС Израильге шабуыл жасады. Лаңкестер Газа секторымен шекаралас Израиль шекарасына кіріп, жүздеген тұрғынды өлтіріп, адамдарды кепілге алды. Бұған жауап ретінде Израиль Газа секторына соққы жасай бастады.

Бұған дейін Газа секторында Қазақстан азаматы мен оның қызы қаза тапқаны хабарланған болатын.

10 қарашада Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Израильдің Сыртқы істер министрі Эли Коэнмен сөйлесіп, 60 отбасы немесе 100-ден астам Қазақстан Республикасының азаматы орналасқан Газа секторынан қазақстандықтарды эвакуациялау мәселесін талқылады.

Серіктес жаңалықтары