×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Алматылықтар үлкен қазандық маңынан қатты дыбысты естіген

12.11.2023, 14:25
Фото: Ашық дереккөз

Алматы әкімдігі қаланың Бостандық ауданындағы «Южная» қазандығында болған оқиға туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәлім болғандай, 12 қарашада сағат 09.40-та нысанда электр қуатының қысқа уақытқа үзілуі тіркеліп, жабдық тоқтап қалған. Нәтижесінде №3 су жылыту қазандығында қалдық газ-ауа қоспасының тұтануымен автоматты ақау пайда болды.

«Сол себепті жақын маңдағы үйлердің тұрғындары жарылысқа ұқсас дыбысты естиді. 10 минуттан кейін жылу желілерінің гидравликалық жұмыс режимі қалпына келтіріліп, сорғы қондырғылары іске қосылды. Қазандық қалыпты жұмыс істеп тұр», - деп жазды Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасынан.

Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында Павлодардағы қазандықта жарылыс болған еді.

Серіктес жаңалықтары