×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

«Тірі қалар-қалмасын білмедік»: Шымкентте көлік қаққан баланың анасы полицияның әрекетсіздігіне ашулы

14.11.2023, 09:21
«Тірі қалар-қалмасын білмедік»: Шымкентте көлік қаққан баланың анасы полицияның әрекетсіздігіне ашулы
фото: ашық дереккөзден

Әйелдің айтуынша, зардап шеккен баласының ауруханада жатқанына бірнеше күн болған, алайда тергеуші әлі келмеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шымкент қаласының тұрғыны Гаухар Тайырова ұлын жақында көлік қағып кеткенін айтты. Осыдан кейін ол екі күн жансақтау бөлімінде жатқан.

"Екі күн жатты, тірі қалар-қалмасын білмедік. Қазір ол палатаға ауыстырылды, аяғына үш жерден ота жасалды. Ішкі және сыртқы сыну. Сондай-ақ, бас сүйегінде жарықшақ бар. Баламды қағып кеткен жігіт ауруханаға келіп, жағдайын білген де жоқ. Тергеуші де бірде-бір рет келмеді, полиция әрекетсіз, қаққан адам қамсыз жүр. Мен полицияның қалай жұмыс істейтінін білмеймін, бірақ істерді оңай тоқтатуға болатын сияқты. Әділдік жоқ сияқты", - дейді баланың анасы.

Полиция бұл жағдайға әлі түсініктеме берген жоқ.

Айта кетейік, бұдан бұрын Жетісуда оқушыны қағып өлтірген әкім бостандықта жүргені хабарланған.

Қайғылы оқиға 2 қарашада Ескелді ауданы Биғаш ауылындағы тасжолда болды. Оқиға орнында 12 жастағы оқушы Асыл Тұрсынбай мерт болды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, автокөлік тізгінінде Кербұлақ ауданы Көксу ауылдық округінің әкімі Әлия Бақтиярова отырған. Оқиға орнына келген жол полициясының қызметкерлері жол-көлік оқиғасы туралы хаттама жасаған, алайда шенеунік қамауға алынбаған.