×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Жезқазғанда "ҚазТрансГазАймақ" АҚ филиал басшысы тергеліп жатыр

14.11.2023, 10:21
Жезқазғанда "ҚазТрансГазАймақ" АҚ филиал басшысы тергеліп жатыр
көрнекі фото

"ҚазТрансГазАймақ" АҚ Жезқазған филиалының басшысы мен бас маманы қала тұрғындары мен шаруашылық субъектілерінен 70-тен 300 мың теңгеге дейінгі мөлшердегі заңсыз ақшалай сыйақыларды бопсалаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, олар бұл қаражатты газды қосу рұқсатын және техникалық шарттарды жедел алу үшін талап еткен. Өңірдегі газдандыру саласындағы жүйелі проблемалар әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу нәтижесінде анықталды.

“Облыс прокуратурасының үйлестіруімен өткізілген жедел іс-шаралардың нәтижесі бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Аталған тұлғаларға қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын ҚТЖ қостанайлық кәсіпкерлерден 7 млн теңгеден астам заңсыз алымдар жинағаны анықталған.