Ресейлік Properm.ru басылымының журналисі, Қазақстан азаматы Владислав Иваненко Ресей Федерациясынан жер аударылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Журналист 9 қарашада ұсталды. Біраз уақыт бұрын ол Ресей ІІМ-нің Пермь өлкесі бойынша бас басқармасынан тұруға ықтиярхатының күші жойылғаны туралы хабарлама алған.
Ұсталғаннан кейін Иваненко шетелдіктерді уақытша ұстау орталығына жеткізілді.
Сот оның тұруға ықтиярхатының жою туралы шешімді тоқтатқанына қарамастан кеше Иваненко Екатеринбург әуежайына жеткізіліп, Қазақстанға жер аударылғаны белгілі болды.
Бүгін, 14 қарашада Пермьнің Киров аудандық сотында осы іс бойынша отырыс өтуі керек еді.
"Біз құқық қорғау органдарының әрекеттерін заңсыз деп санаймыз. Біз не болып жатқандығы туралы ресми түсініктеме талап етеміз. Сондай-ақ, тілшімізді соттарда қорғауды жалғастырамыз", - деді Properm.ru бас директоры Денис Вихров.