×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

S&P: Қазақстан банктерінде проблемалық несие мөлшері едәуір жоғары

20.10.2021, 14:35
Фото: Ашық дереккөзден

S&P Global Ratings агенттігінің «Қаржылық институттар» тобының директоры Ирина Велиева Қазақстандағы банктердің проблемалық несие мөлшеріне баға берді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Проблемалық қарыздар бойынша белгілі бір деңгейдегі шекті алып, рейтинг құрмадық. Алайда банк секторын «тазартқан» күннің өзінде сектордағы проблемалық несиелердің үлесін шамамен жалпы несиелердің 10-15 пайызына тең деп бағалаймыз. Бұл көрсеткіш басқа елдерден қарағанда жоғары. Мәселен, «академиялық әдебиетте» несиелердің проблемалық санатына 10 пайыздан жоғары мөлшер кіреді. Яғни проблемалық несиелер жағынан Қазақстанда жағдай жақсы деп айта алмаймын», - деді банк секторына арналған онлайн жиында S&P сарапшысы.

Проблемалық несиелердің деңгейі агенттік маманының бағалауынша алдағы жылы тұрақты сипатта қалады.

«Болжамымыз бойынша ол деңгей өспеуі керек. Ал төмендесе әрине, бұл – банк секторы үшін жақсы жаңалық. Алайда банктер тарапынан оны төмендетерлік параметрлер байқалмайды. Біздің бағалауымыз бойынша проблемалық қарыздар резервтер арқылы жабылатын секілді», - деп түйді ол.

Серіктес жаңалықтары