×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Жылыту маусымы: Тоқаев Энергетика министріне тапсырма берді

15.11.2023, 16:30
Жылыту маусымы: Тоқаев Энергетика министріне тапсырма берді
коллаж Ulysmedia.kz

Президент жылыту маусымының барысын және энергетика инфрақұрылымын жаңғырту жобаларының іске асырылуын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады.

Алмасадам Сәтқалиев энергетика саласын дамытудың негізгі мәселелері мен еліміздің отын-энергетика кешенінің биылғы 10 айдағы көрсеткіштері, сондай-ақ мұнай-газ және энергетика бағыттарындағы ірі жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берді.

Сонымен қатар ол аталған кезең ішінде Қазақстандағы мұнай өндіру көлемі 74,8 миллион тоннаны, ал мұнай өнімдерінің өндірісі 11,2 миллион тоннаны құрағанын жеткізді. Сонымен қатар 48,7 миллиард текше метр газ, 93,5 миллиард кВт/cағ электр қуаты және 15,35 мың тонна уран өндірілгенін айтты

"Ұлттық электр желісін дамыту бойынша атқарылып жатқан шаралар, 2023 жылғы маусымнан бастап енгізілген электр энергиясын сатудың жаңа механизмі туралы баяндады;

Қысқы жылыту маусымы қалыпты өтуі үшін енгізілген қосымша бақылау орнатылғаны туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, министрдің мәліметінше, энергетикалық нысандарды қамтамасыз ету үшін 5,5 млн тонна көмір және 100 мың тонна мазут қоры дайындалған; 

Ведомство ел өңірлеріне одан әрі газ құбырын тарту жоспарын таныстырды", - деп хабарлады Ақорда.

Тоқаев жылыту маусымының барысын және энергетика инфрақұрылымын жаңғырту жобаларының іске асырылуын айрықша бақылауда ұстауды, сондай-ақ ішкі нарықты жанар-жағармаймен және сұйытылған мұнай газымен үздіксіз қамтамасыз ету шараларын қабылдауды тапсырды.