×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Бекбол Мираш ісі: Командиріне шыққан үкім өзгерді

17.11.2023, 10:55
Бекбол Мираш ісі: Командиріне шыққан үкім өзгерді
сурет әлеуметтік желіден алынды

Сот алқасы әскери қызметші Бекбол Мирашты "өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізді" деп айыпталған шекара заставасының сержанты Айбек Нұртаевқа қатысты үкімді қайта қарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Айбек Нұртаевқа бұған дейін шыққан үкімнің күшін жойды.

«Шымкент гарнизоны әскери сотының үкімімен сержант Нұртаев ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігінің 1-тармағындағы және 451-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған», - делінген еді бұрын сот хабарламасында.

Енді әскери сот Нұртаевтың “өз-өзіне қол жұмсағаны туралы іс расталғанын” атап өтеді.

«2022 жылдың тамызында ол (сотталушы Н.,) әскери қызметшілер Қарулы Күштердің Жарғысын бұзып, нарядтағы бекеттерді өз еріктерімен ауыстырғанын анықтаған. Осы себепті пайдалана отырып, сотталушы Нұртаев қатардағы жауынгерден ақша қаражатын бопсалап, өзінің банктік шотына аударуын талап еткен. Сондай-ақ, Нұртаев шекара заставасының аумағында спирттік ішімдіктер ішкен үш әскери қызметшіні анықтап, өзінің қызметтік өкілеттіліктерін асыра пайдаланып, оларға дене жарақаттарын келтірген. Кейін сотталушы жоғарыда аталған жағдайды пайдаланып, жүйелі және негізсіз түрде, әскери қызметші Бекбол Мираштың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау арқылы оны өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізді»,. Ұсынылған дәлелдер айыпталушының кінәсін дәлелдейді. Сот алқасы Нұртаевты жеті жылға бас бостандығынан айырды, –  деп хабарлады соттан.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың 19 тамызында ҰҚК Шекара қызметіне қарасты Тараз қаласындағы «Шөлдала» шекара бөлімінде борышын өтеп жүрген 2004 жылғы Бекбол Мираш асылып тұрған жерінен табылған болатын. Күдікті ретінде сол жердегі келісімшарт бойынша әскери қызметкер Айбек Нұртаев танылған. Бұған дейін оның адвокаты Сержан Пірәлиев журналистерге осы іске қатысты адам сенгісіз фактілерді жария еткен. Оның айтуынша, сот кезінде сараптама тағайындалып, қайтыс болған сарбаздың аузынан, іш киімінен шәуіт табылған.

Биыл 24 тамызда Шымкент гарнизоны соты Жамбыл облысы "Шөлдала" шекара бекетінде қайтыс болған сарбаз Бекбол Мираштың өліміне қатысты күдікке ілініп, айыпталған 40 жастағы аға сержант Айбек Нұртайды "өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабымен ақтап шықты. Бірақ сот оны "қызметін асыра пайдалану" және "ақшаны қорқытып алу" бабымен кінәлі деп танып, үш жарым жылға бас бостандығынан айырды.

Кеше Сенат кулуарында Бас әскери прокурор Дастан Сәкеновтен журналистер осы істің мән-жайын сұраған. Дастан Сәкенов Айбек Нұртайды кінәлі деп есептейді. “Біз үкімге наразылық келтіреміз, Мираштың өз-өзіне қол салғаны келісімшарт бойынша әскеридің әрекетінен болды” деді Дастан Сәкенов. Сондай-ақ Сәкенов “сарбаздың аузы мен киімінен шәуіт табылды” деген сөзді жоққа шығарған еді.