×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Газа секторындағы қазақстандықтар отбасымен Алматыға жетті

17.11.2023, 16:30
gov.kz

Бүгін Алматыға Газа секторынан арнайы эвакуациялық рейспен 99 жолаушы – Қазақстан азаматтары мен олардың отбасы мүшелері аман-есен жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz  ҚР СІМ-не сілтеме жасай отырып.

Газа секторынан келген қазақстандықтар қайда тұрады

«Әуежайда барлық міндетті рәсімдерден өткеннен кейін эвакуацияланған азаматтар уақытша баспанамен қамтамасыз етіліп, оларға қажетті құқықтық, медициналық және өзге де көмек көрсетіледі», – делінген хабарламада.

Қазақстандықтарды Газа секторынан эвакуациялау

СІМ сәтті іске асырылған эвакуацияны Қазақстанның Израильдегі, Иорданиядағы және Мысырдағы Елшіліктерінің осы елдердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен бірлескен үйлесімді жұмысының нәтижесі екенін атап өтті.

"Таяу Шығыс өңірінің сыртқы саяси ведомстволарының басшылығымен келіссөздер қорытындысы бойынша ҚР СІМ азаматтарымыздың Газа секторынан қауіпсіз және ешбір сөзсіз шығуы туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Қазақстандық дипломаттар эвакуациялық іс – шараларды ұйымдастыру және жанжал аймағында қалған Қазақстан азаматтарына көмек көрсету жөніндегі жұмысты жалғастырады", - деді ведомство.

Серіктес жаңалықтары