×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Каспий жағалауында заңсыз салынған үй сүрілді

18.11.2023, 09:56
Фото: Ашық дереккөз

Ақтауда жағалауда заңсыз салынған үш қабатты таунхаус сүрілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында жүргізілген жоспардан тыс тексеру нысанның Приморский-1 тұрғын алабында рұқсат құжаттарынсыз тұрғызылғанын көрсетті, деп жазды Хабар 24 .

Құрылыс салушыға жұмысты тоқтатып, қажетті құжаттаманы алу туралы тапсырма берілген, бірақ ол оны елемеген. Сондықтан құзырлы органдар алдымен құқық бұзушылық үшін әкімшілік шара қолданып, кейін арнайы техниканы шақырып, үйдің қабырғаларын қиратты.

Бұл нысан жыл басынан бері соттың рұқсатымен жойылған үшінші нысан болды. Бұған дейін Ақтауда заңсыз салынған тұрғын үй кешені мен қонақ үй сүрілген болатын.

"Осы заңсыз құрылысты бұзу туралы сот органдарына талап арыз жолдадық. Бірінші сатыдағы сот оны қанағаттандырды. Соттың апелляциялық шешімі заңды күшіне енді. Құрылыс салушыға әкімшілік шара қолданылды", - деп түсіндірді Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің бөлім басшысы Дәурен Өтепқали.

Бұған дейін Алматыда төрт қабатты бизнес орталығының сүрілгені хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары