×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Пойыздар үнемі кешігіп келеді – Смайылов ҚТЖ-ға шағым көбейгенін айтты

21.11.2023, 09:39
Пойыздар үнемі кешігіп келеді – Смайылов ҚТЖ-ға шағым көбейгенін айтты
Коллаж: ulysmedia.kz.

Үкіметте бүгін теміржолдың өзекті мәселелері талқыланып жатыр. Отырыста премьер-министр тұрғындар тарапынан «Қазақстан темір жолының» қызметіне қатысты шағым көп түсіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Пойыздардың үнемі кешігіп келуі, сервистің нашарлығы, ескірген вагондар – мұның барлығы қалыпты жағдайға айналып барады. Ал, бизнес болса вагондардың уақытында берілмеуін, ұзыннан-ұзақ келісу рәсімдерін айтып, шағымданады. Осының барлығы бүкіл экономиканың дамуына кері ықпал етеді», – дейді Смайылов бүгінгі отырыста.

Десе де ҚТЖ басшысы Нұрлан Сауранбаевқа үкімет басшысы «қатты ұрысқан» жоқ. Жалпы статистикаға тоқталған ол Азия мен Еуропа арасында Қазақстан арқылы өтетін транзиттік тасымал көлемі жыл сайын өсе түскенін айтты. Тек Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржолмен жүк тасымалдау өткен жылы 23 млн тоннадан асқан. Биыл бұл көрсеткіш тағы 22%-ке өскен.

«Жылдам өсіп келе жатқан жүк тасымалының әлеуетін ескере отырып, осы салада инфрақұрылымды дамыту және вагондар паркін жаңарту бағытында жоспарлы жұмыс жүргізу қажет. Ол үшін алдағы 3 жылда жалпы ұзындығы 1 мың км-ден асатын жаңа теміржол тармақтары салынатын болады. Бұл – Достық-Мойынты, Бақты-Аягөз,  Алматы айналма теміржол желісі. Осы аптада біз Дарбаза-Мақтаарал учаскесінің құрылысын бастаймыз», – дейді ол.