×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Тарифтер жоғары болуы тиіс – ҚТЖ бастығы

21.11.2023, 11:15
Тарифтер жоғары болуы тиіс – ҚТЖ бастығы
Коллаж Ulysmedia

"Қазақстан темір жолының" қазіргі тарифтік саясаты КСРО заманының әдісіне негізделген.  ҚТЖ бастығы Нұрлан Сауранбаев бұл жүйе ескіргенін, түрлі қажеттіліктерді жеткілікті дәрежеде субсидиялауға мүмкіндік бермейтінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Сіз жолаушылар және жүк вагондары жөнінде сұрадыңыз. Барлығы қанша тұрса, сонша тұруы керек. Заңда тариф теміржолды да, вагон паркін де, локомотив паркін де тиісті жағдайда ұстау үшін өзіндік құнын толығымен қайтарып, оған қоса сол маржаны беруі керек деп жазылған", – деді Сауранбаев.

Оның сөзінше, осыған сәйкес ҚТЖ-да тарифтер біртіндеп өсуде.

"Барлық көрші елдермен салыстырғанда, мәселен, Ресей және т.б.  –  біздің тарифтер кем дегенде 2 есе аз. Ал кейбірімен салыстрғанда, 3-4 есе аз. Сонымен қатар Ресей теміржолдары сияқты компаниялар тарифтері жоғары болса да, бір жылда 2-3 есе капиталдандырылады", – деп қосты ҚТЖ бастығы.