×
526.81
542.72
5.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.81
542.72
5.16

Министр Қарабаев Тоқтабаев сияқты қылмыстық қудалаудан қорықпай ма

21.11.2023, 12:10
Министр Қарабаев Тоқтабаев сияқты қылмыстық қудалаудан қорықпай ма
Коллаж Ulysmedia

Көлік министрі кәсіпкерлер арасында жер қойнауын бөлу туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Брифинг барысында журналистер көлік министрі Мұрат Қарабаевтан ИИДМ бұрынғы вице-министрі Тимур Тоқтабаевтың үкімі бойынша қылмыстық қудалауға қалай қарайтынын сұрады.

Айта кетейік, Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болған Тимур Тоқтабаев былтыр Сот үкімімен ол 7 жылға сотталды. Ол  былтыр 7 қарашада ұсталған. Антикор сол тұста лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ұстаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бас прокуратурамен бірлесіп пайдалы қазбалар кен орындарын берудің заңдылығын тексеру нәтижелері бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді былтыр қарашада бастаған еді. Министрліктің лауазымды адамдары жекелеген кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесінде әрекет ете отырып, барлау сылтауымен аукцион өткізбестен пайдалы қатты қазбалар қоры белгіленген кен орындарын заңсыз бергені анықталған. Бұрын жүргізілген барлау фактісі құжаттарды бұрмалау арқылы әдейі жасырылған. Кен орындарын сату бойынша аукциондар өткізілмегендіктен, мемлекет ондаған миллиард теңге алмаған.

Журналистер Қарабаевқа 2020 жылы Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы ретінде Қарағанды облысында пайдалы қазбаларды өндіруге рұқсат құжаттарына қол қойғанын ескертіп өтті.

Инвестор ретінде қуаттылығы 120 мың тонна болатын арнайы мақсаттағы зауыт салуға уәде берген компания сөз сөйледі. Шартқа сәйкес, компания бұл зауытты салмйынша тау-кен жұмыстарын жүргізе алмайды.

"Міне, вице-министр Тоқтабаевты жер қойнауын заңсыз бергені үшін жеті жылға соттады. Ұқсас жағдай. Негізінде сіз де құжаттарға дәл солай қол қойдыңыз. Сіз қарағандылық кейс бойынша қылмыстық жауапкершіліктен қорықпайсыз ба", - деп сұрады журналист министрден.

Қарабаевтың жауабы

"Сіз көмір өндіріп жатырмын десеңіз, қарау керек. Жаңа жобаларды іске асыру жолымен басым тәртіппен жер қойнауын пайдалану құқығы берілген кезде, мысалы – барлау жұмыстарының алғашқы 6 жылы көрсетілген құжаттар топтамасы ұсынылады.

Әрі қарай, өндіруге көшу. Осы кезде одан әрі өңдеу үшін зауыт салу қажет. Егер лицензия зауытты сату шартымен берілсе, ал кәсіпкер өз міндеттемелерін орындамаса, онда лицензия алынады. Қайталап айтайын, кәсіпкер өзінің инвестициялық міндеттемелерін іске асыра алмайды деп ойламаймын.

Өндіру және барлау кезеңдеріндегі құжаттарды қарау керек. Егер белгіленген нормаларға сәйкес  әрекет етсе компания заң аясында жұмыс істейді . Егер олай болмаса, лицензия алынады", - деді министр.

Министр “қылмыстық қудалаудан қорықпайсыз ба” деген сұраққа нақты жауап берген жоқ.