×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

ҚТЖ басшысы "Көлік академиясын рейдерлікпен тартып алмақ" деген айыптауға жауап берді

21.11.2023, 12:30
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бұған дейін "Қазақстан темір жолы басшысы Нұрлан Сауранбаев Логистика және көлік академиясын рейдерлікпен тартып алғалы жатыр" ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жарияланған болатын. Бүгін Ulysmedia.kz тілшісі осы ақпараттың мән-жайын үкіметтің баспасөз орталығында Сауранбаевтың өзіне қойып көрді. 

– Алдымен, мәселенің әуелгісінен бастайын. Қазақ логистика және көлік академиясы көлік инженерлерін дайындайтын жоғары оқу орны. 2018 жылы академия жекенің қолына өтті. Жекешелендіру жағдайында бірнеше міндетті жағдайлар болған, оны иеліктен шығарып, бірден бере салуға болмайтын еді.

Осы шектеулердің бір бөлігінде заңбұзушылықтар болды. Акционерлердің акцентті ауыстыру үшін осындай әдістерді қолдануы бұл мәселені заңды түрде шеше алмай отырғандарын көрсетеді, - деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін М.Тынышпаев атындағы Қазақ логистика және көлік академиясының қызметкерлері ел президентіне, үкімет басшысына, Парламент мәжілісінің спикеріне және көлік министрлігіне ЖОО-ны мемлекетке қайтару туралы өтініш білдірген болатын.

Серіктес жаңалықтары