×
517.16
588.48
6.23
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
517.16
588.48
6.23

3,6 млрд теңгеге сан соқтырған: Грузияда қазақстандық ұсталды

22.11.2023, 10:57
3,6 млрд теңгеге сан соқтырған: Грузияда қазақстандық ұсталды
Иллюстрациялық фото

Ұсталған азаматқа қаржылық пирамиданы құрды және басқарды деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас прокуратура Грузияда 2020 жылдың наурыз айынан бері іздеуде жүрген қазақстандықтың ұсталғанын хабарлады.

«Ол 3,6 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген қаржылық пирамиданы құрды және оны басқарды деп айыпталуда. Қылмыстық іске 600-ден астам жәбірленуші тартылып отыр», - делінген хабарламада.

Қазір оны экстрадициялау мәселесі шешілуде.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрлігі ресейлік полиция қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 31 жастағы қазақстандықты Ресейде ұстағанын хабарлаған болатын.

Оралхан ҚОЖАНОВ

 

Серіктес жаңалықтары