×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Кейінгі үш жылда 90-нан астам жасырын казино жойылған

22.11.2023, 16:50
Иллюстрациялық фото

Қаржылық мониторинг агенттігі мәліметінше, 2019-2022 жылдар аралығында 73 жасырын казино жойылып, 2280 ойын терминалы тәркіленген. Ал жыл басынан бері 19 заңсыз ойын мекемесі және 111 ойын терминалы анықталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігі қабылданған алдын алу шараларының нәтижесінде соңғы 5 жылда тіркелген істер санының 5,5 есеге төмендеуі байқалатынын айтты.

- Бүгінде агенттік заңсыз ойын қызметі (онлайн казино) белгілері бар әлеуметтік желілердегі сайттар мен аккаунттардың 3 мыңнан астам сілтемелерін бұғаттады, - делінген агенттіктің хабарламасында.

Айта кетейік, Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан аумағында онлайн казино қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың тізімін жариялады. Тізім қаржылық мониторинг субъектілерінің заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл шеңберінде және өз қызметінде пайдалануы үшін ҚМА порталында орналастырылған.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Серіктес жаңалықтары