×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Газадағы балаларға арып-ашу дағдарысы төніп тұр - ЮНИСЕФ

23.11.2023, 09:30
Associated Press

ЮНИСЕФ атқарушы директоры (БҰҰ балалар қоры) Кэтрин Рассел аумаққа балалардың арып-ашу дағдарысы төніп тұрғанын мәлімдеді. Бұл термин балалардың тамақты жеткілікті ішпеудің өмірге едәуір қауіпті формасын білдіреді. Бұл туралы Ulysmedia.kz порталы The New York Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

ЮНИСЕФ болжамы

Қор Газа белдеуіндегі балалардың арып-ашу деңгейі алдағы бірнеше айда 30% өседі деп болжайды. 7 қазаннан бері бірнеше мың бала қырылғанын есепке алғанда мұның өзі катастрофалық сандар.

Кэтрин Рассел бұл консервативті болжам екенін айта келе, соғыстың жалғасуына байланысты бұл көрсеткіш өсуі мүмкін екенін ескертті.

ХАМАС лаңкестері елдің оңтүстік аймақтарына шабуыл жасап, жергілікті тұрғындарды өлтіріп, адамдарды кепілге алған соң Израиль қорғаныс күштері Газа секторында құрлық операциясын бастады.

Қараша айының басында Израиль әскері (ЦАХАЛ) Газа қаласын толық қоршауға алғанын хабарлады. Содан бері Израиль әскері қалалық шайқастарды жүргізіп, ХАМАС нысандарына соққы беруде.

15 қарашада Израиль сарбаздары Газа секторындағы ең ірі Әл-Шифа ауруханасының аумағына кірді. Олардың айтуынша, ХАМАС-тың командалық бекеті сонда орналасқан. Ауруханада оқтың толастамауы себебінен қауіпті аймаққа кете алмай жүрген бірнеше мың адам бар. Израиль олардың ауруханадан шығуына кедергі келтірмейтініне сендіреді.

Серіктес жаңалықтары