×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Досаев жыл соңындағы инфляцияның болжамды дәлізін атады

14.09.2021, 09:18
инфляция

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың болжамы бойынша биылғы жылдың соңына қарай инфляция 7,5%-8,5% дәлізінде қалыптасады, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.

«Болжамды раундтың қорытындысы бойынша Ұлттық банк биылғы жылдың соңына қарай инфляция 7,5%-8,5% дәлізінде қалыптасады деп күтуде. Оның төменгі шекарасы инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешенін тиімді іске асыруды ескере отырып айқындалған», - деді Досаев үкіметтің бүгінгі отырысында.

Еске сала кетсек биылғы Жолдауында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк пен Үкіметті инфляцияны 4-6 пайыз дәлізіне қайтаруға міндеттеген болатын.

«Біз инфляцияның бақылаусыз өсіміне тап келдік. Ұлттық банк, Үкімет оны әлемдік тенденцияларға сілтеп, инфляция алдында дәрменсіз болып шықты. Мұндай сипаттағы желеулер ұлттық экономиканың қауқарсыздығын көрсетеді. Тағы бір сұрақ туындайды. Сонда біздің кәсіби экономистердің рөлі неде? Ұлттық банк пен Үкіметтің басты міндеті – инфляцияны 6-4 пайыз дәлізіне қайтару», - деді Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары