×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Екібастұз ГРЭС-1 625,2 миллион теңге салық төлеуден жалтарған

25.11.2023, 16:42
Екібастұз ГРЭС-1 625,2 миллион теңге салық төлеуден жалтарған
new.samruk-energy.kz

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жүргізген тексеру қорытындысы бойынша «Болат Нұржанов атындағы ГРЭС-1» ЖШС-нің корпоративтік табыс салығы 625,2 млн теңгеге есептелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Салық органдарының мәліметінше, сыйақыға жұмсалған шығындар негізсіз алынып тасталды. ЖШС бұл хабарламаға мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына шағым түсіріп, салық органдарының әрекетін заңсыз деп танып отыр.

Алайда облыстық прокуратура сот шешіміне апелляциялық шағым түсірген.

«Апелляциялық сатыдағы сот прокурордың өтінішхатының уәждерімен келісіп, ЖШС-нің талап арызын толығымен қанағаттандырудан бас тартты (шешім заңды күшіне енген жоқ) Осылайша, прокуратура мемлекеттің 625,2 млн теңгеге материалдық мүддесін қорғады», - делінген Павлодар облысы прокуратурасының хабарламасында.

Бұған дейін астаналықтардың салық берешегі 2 млрд теңгеге жеткені мәлім болған.