×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Астанада үйінде таяқ жеген 7 жасар қыз ауруханаға түсті

26.11.2023, 14:21
Фото: Ашық дереккөз

Балалар омбудсмені Динара Зәкиева Instagram желісіндегі парақшасында Астанада 7 жасар қыздың үйінде соққыға жығылғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Мен үйде жүйелі түрде ұрып-соғу салдарынан ауруханаға түскен 7 жасар қызды көруге бардым. Бала ауруханада қалып, үйге оралғысы келмейді», — деп жазды Зәкиева.

Балалар омбудсмені мектепте баланы ұрып-соғудың ізі анықталғанын айтты.

«Мұғалімдер бірден балалар құқығын қорғау мекемесіне хабар берген. Ол үйде тағы 6 бала бар», - деп қосты Зәкиева.

Бұған дейін Балалар омбудсмені Екібастұзда 7 жасар Милананың өлімі туралы айтқан болатын. Ол қазақстандықтарды балаларға қатысты зорлық-зомбылықты байқаса, белсенді түрде тиісті орындарға жеткізуге шақырды. Сондай-ақ Зәкиева балалардың қауіпсіздігіне қатысты заңнамаға өзгерістер енгізу қажеттігін баса айтты.

Серіктес жаңалықтары