×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ақша сытырлап саналып жатыр: Қазақмыс акциясының 30% -ын кім сатып алды

27.11.2023, 11:20
Ақша сытырлап саналып жатыр: Қазақмыс акциясының 30% -ын кім сатып алды
Коллаж Ulysmedia

Біз қазақстандықтардың неге сонша кедей екенін түсініп болғанша, екінші жерде ақша сытырлап саналып жатыр. Себебі біреулер үнемі бірдеңе сатып, бірдеңе беріп және алмасып үлгереді. 

Мәселен, Нұриев атты біреу Нұрахмет деген есіммен  "Қазақмыс" корпорациясы акциясының 30 пайызын сатып алған. Жас жігіт небәрі 34 жаста. Ол қазірдің өзінде елдің ең бай ЖШС-ның басқарма төрағасы, деп жазады «Выход к правде» telegram-арнасы. Мыс компаниясының негізгі акционері олигарх Владимир Ким екені белгілі, оның иелігінде 70% акция бар. Екіншісі Эдуард Огай болды, бірақ қантардан кейін ол өз үлесінің 30% -ын Нұриевке берген.

 – Осы ретте "Неге "Қазақмыстың" 30 пайызы кенеттен Нұрахметтің қолына өтті” деген сұрақ туындайды. Бірақ оны ешкім түсіндіре алмады. Алайда бұл үлесті біздің еліміздің әрбір азаматы сатып ала алмайтыны анық – себебі ол өте қымбат. Дегенмен,  "әркім"  "мыс тауының" жаңа қожайыны дегенді кім айтып жүр? Нұрахмет – Айгүл Нұриеваның жиені. Ол Forbes тізімінде болуымен және Отанына опасыздық жасаған Кәрім Мәсімовпен тығыз байланыста болуымен есте қалды", –  делінген басылымда. 

Үкімет елден ұрланған және шетелге жасырылған қаржыны қалай қайтаруға болатынын ойлап, басы қатып жатқан кезде кейбір пысықтар, атағы елге белгілі байлар әлі де өз қанжығаларын майлап, активтерін көбейтіп жатыр.

"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС – ірі тау-кен және металлургиялық компания. 1997 жылы тамызда акционерлік қоғам ретінде құрылды және тіркелді. 2005 жылдың 14 қаңтарында компания акционерлік қоғамнан жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қайта тіркелді.

Негізін қалаушы – Владимир Ким.  Оның байлығы 4,6 млрд долларға бағаланады. Владимир Ким Қазақстанның ең ықпалды 50 бизнесменінің тізімінде төртінші орында тұр. Сонымен қатар ол Forbes әлемдік рейтингіндегі барлық қазақстандықтан жоғары (591 орын) орынды иеленді.

Еске сала кетейік, 22 қараша күні Жезқазғандағы №2 байыту фабрикасында қайғылы оқиға орын алды. Онда "Қазақмыс" кәсіпорнының жұмысшысы қаза тапқан еді.