×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Гуманитарлық үзіліс: Израильге 11 тұтқын оралды

28.11.2023, 08:47
AP

27 қарашада кепілге алынған тағы 11 израильдік босатылды. Оның ішінде 9 бала мен 2 әйел бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Израиль тарапының хабарлауынша, бұрынғы тұтқындардың барлығы қос азаматтыққа ие. Оның ішінде Францияның үш азаматы, Германияның екі азаматы, Аргентинаның алты азаматы бар. Бостандыққа шыққаннан кейін олардың бәрі Израильдегі ең ірі жедел жәрдем мекемесі – астаналық «Сураски» медициналық орталығына жеткізілді.

Кепілге алынған тұтқындар ЦАХАЛ-дың жетекшілігімен Израильге жетті . Олардың айтуынша, тұтқындар Керем-Шалом БӨП арқылы Газа секторынан Израиль аумағына өткен.

Еске сала кетейік, Газадағы әскери қимылдарындағы үзілісті тағы екі күнге ұзарту туралы бітімге қол жеткізгеннен кейін кепілге алынған израильдік тұтқындар босатылады. Ал Израиль 39 палестиналық тұтқынды, оның ішінде әйелдер мен жасы 19-ға толмаған жастарды түрмеден босатады. Келісім шарттары бойынша ХАМАС күніне 10 кепілге алынған адамды босатады.

Алғашқы үш күнде ХАМАС 58 адамды, негізінен әйелдер мен балаларды босатты. Израиль түрмелерден 117 палестиналықты босатты.

Серіктес жаңалықтары