×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Жезқазған жылу желілерін жөндеу: бюджеттен 223 млн теңге негізсіз шығындалған

29.11.2023, 09:35
gov.kz

Ұлытау облысының прокуратурасы Жезқазған қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметін тексеру нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тексеріс нәтижелері

Тексеріс нәтижесі бойынша Жезқазғанның жылу желілерін қайта құру және жаңғырту кезінде бюджет қаражатын аса ірі көлемде талан-таражға салу фактісі анықталды.

Мәселен, 2021 жылы ТКШ бөлімінің лауазымды тұлғалары құрылыс жұмыстарын қымбат бағамен қабылдаған. Осылайша  223 млн теңге бюджет қаражаты негізсіз шығындалған.

Қылмыстық іс

Аталған факті бойынша Ұлытау облысының прокуратурасы ҚР ҚК 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Тергеп-тексеруді Ұлытау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментіне жүктелді.

Серіктес жаңалықтары