×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Алматы хостеліндегі өрт: Үкіметтік тергеу комиссиясы құрылды

30.11.2023, 10:08
gov.kz

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың өкімімен Алматы қаласындағы хостелде орын алған өрттің себептерін тексеру және оның салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның құрамына мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ Алматы әкімдігінің өкілдері кірді.

Комиссия төрағасы Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов оқиға орнына шұғыл аттанды. Үкіметтік комиссия өрт салдарынан болған қайғылы жағдайдың себептерін жан-жақты тексеру жұмыстарына дереу кірісіп, зардап шеккендерге бірінші кезектегі көмек көрсетеді.

Еске сала кетейік, бүгін таңға жуық Алматыда хостел өртеніп, 13 адам көз жұмғаны белгілі болды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес өртті барлау және сөндіру барысында 13 адамның денесі табылды. Қазір олардың кім екені анықталып жатыр.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, сағат 08:40-тағы жағдай бойынша өрт орнынан 59 адам эвакуацияланды, оның үшеуі сағат 08:40-қа дейін жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді.

Қазір 56 адам жақын маңдағы мектепке уақытша орналастырылды. Ыстық тамақ берілді, қажетті медициналық және психологиялық көмек толық көлемде көрсетіледі. Бір сағат ішінде ауданның қонақүйлеріне орналастырылады.

Серіктес жаңалықтары