×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Балаева Gucci-ден костюмі жайлы: Кигенім – қылмыс емес

30.11.2023, 17:25
Балаева Gucci-ден костюмі жайлы: Кигенім – қылмыс емес
Фото: Ашық дереккөзден

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева журналистің қымбат киімі мен жалақысы туралы сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Бір сұрақты қоя берген эксклюзив емес шығар. Менің жалақым 1 млн 300 мың теңге, қолыма соның азырағын аламын. Миллиардтаған бюджет, ведомстволық бағынысты ұйымдардың бәрін алғанда, жауапкершілік тұрғысында бұл барабар сома деп санаймын, - деді ол ОКҚ алаңында.

Министр өзінің қымбат киімдері туралы сұраққа да жауап берді.

– Менің Gucci костюмім жайлы айтар болсақ, суреттерімді қараңыз, Мен бұл костюмді бес жыл бойы кидім. Бір рет сатып алып, бес жыл кию, менің ойымша, бұл қылмыс емес, - дейді Балаева.