×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Төлеби ауданы жер бөлімінің қазіргі және бұрынғы басшысы ұсталды

01.12.2023, 08:31
Фото: Ашық дереккөзден

Түркістан облысының прокуратурасы өңірде лауазымды адамдар ұсталғанын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Түркістан облысының прокуратурасы Төлеби аудан әкімдігінің лауазымды адамдарының үстінен іс қозғаған. Олар ауданның арнайы жер қорындағы жерлерді заңсыз актілерді рәсімдеу арқылы аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

– Атап айтқанда, қылмыстық іс бойынша ауданның жер қатынастар бөлімінің басшысы, өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, осы бөлімнің бұрынғы басшысымен алдын-ала сөз байласу арқылы нарықтық құны 326 млн теңге құрайтын 200 га астам құнарлы жер учаскелерін заңсыз рәсімдеген деген күдікке ілінді, – делінген хабарламада.

Түркістан облысының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы күдіктілерді қамауға алды. Қазір аталған қылмысқа басқалардың да қатысы бар-жоқтығы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары