×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Навальныйға қарсы жаңа қылмыстық іс қозғалды

01.12.2023, 16:26
Навальныйға қарсы жаңа қылмыстық іс қозғалды
TASS

Түзету колониясындағы жазасын өтеп жатқан ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйға қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алексей Навальный Ресей СК-нің Бас тергеу басқармасынан оған қатысты қозғалған қылмыстық іс туралы "Ресей Федерациясының қылмыстық кодексінің 214-бабының 2-бөлімінде қарастырылған қылмыс белгілері бойынша" хат алды. Істе екі эпизод бар.

Навальныйдың мәлімдемесі

"214-бап деген қандай? Түсінсем бұйырмасын, еш жерден таппадым. Сіздер бұл туралы менен бұрын білесіздер", — деп жазған ол "бір жылдан астам жеке камерада отырған, сотталған адам ешқашан мұндай саяси-қоғамдық өмір сүрмеген", – деп атап өтті.

РФ Қылмыстық кодексінің 214 бабы қандай

"Вандализм". Осы баптың 2-тармағында "адамдар тобы жасаған, сол сияқты саяси, идеологиялық, нәсілдік, ұлттық немесе діни өшпенділік немесе араздық себептері бойынша не қандай да бір әлеуметтік топқа қатысты өшпенділік немесе араздық себептері бойынша жасалған әрекеттер" туралы айтылады. Үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не үш жылға дейінгі мерзімге мәжбүрлеп жұмыс істету, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Естеріңізге сала кетейік, 4 тамызда Мәскеу қалалық соты саясаткер Алексей Навальныйды 19 жылға бас бостандығынан айырған болатын.