×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Субсидия: Жылыжайшылар «жылулықты» сезіне ме

02.12.2023, 15:41
Субсидия: Жылыжайшылар «жылулықты» сезіне ме
Ашық дереккөзден

Ауыл шаруашылығы министрлігі жабық топырақта көкөніс өсірудің табыстылығын арттыру арттыру мақсатында басым дақылдар шегінде өсімдік шаруашылығын субсидиялау қағидаларына тиісті өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, түзетулер маусымаралық кезеңде субсидиялау мөлшерлемелері бойынша 1 гектардың шығынын (электр энергиясы, газ, көмір үшін) субсидиялауды көздейді.

Басым дақылдардың тізбесін және субсидиялау нормативтерін жергілікті атқарушы органдар бекітуі тиіс. Бүгінде Түркістан облысы мен Шымкент әкімдіктері өнеркәсіптік және фермерлік жылыжайлар үшін осы жылға арналған субсидиялардың көлемі мен нормативтерін бекітті.

Жергілікті атқарушы органдар қабылдаған нормативтер субсидиялаудың бiрыңғай мемлекеттiк ақпараттық жүйесi базасына енгізілді. Өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 20 желтоқсанына дейін ашық.

Бюджет қаражатын тиімді жұмсау, сондай-ақ барлық агротехнологиялар сақталатын жылыжайларды қолдау үшін өндіріс технологияларына сәйкестік сертификатының (есебінің) болуы міндетті талап болып саналады.

2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 756 өтінім қабылданып, фермерлік жылыжайлар үшін 726 сертификат берілген. Ал 30 өтінім қарастырылып жатқан көрінеді.