×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Газадан Израильдің орталығына 11 зымыран бағытталды

03.12.2023, 13:43
Ашық дереккөзден

Жұма күні екі жақ арасындағы бітім мерзімі аяқталған болатын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сенбі күні кешкі уақытта Газадан Израильдің орталығына кем дегенде 11 зымыран ұшырылды. Соның басым бөлігіне зымыранға қарсы жүйемен бөгет қойылған. Бұл жүйенің бір тосқауылшы зымыраны істен шықты деген ақпарат тарады. Қазіргі кезде Израиль әскері тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

Соңғы мәліметке сәйкес, Газа секторында қаза тапқан адамдардың саны 16 мыңнан асты. 35 мыңнан астамы жарақат алды. Құрбандардың жартысынан көбі – әйелдер мен балалар. БҰҰ дабыл қағып отыр. Газа секторында екі миллионнан астам адамның жағдайы өте қиын, азық-түлік тапшы, су жоқ.

Серіктес жаңалықтары