×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Оқушыға мектепке ұялы телефонын әкелуге тыйым салына ма – министр жауап берді

05.12.2023, 12:12
Оқушыға мектепке ұялы телефонын әкелуге тыйым салына ма – министр жауап берді
Коллаж: ulysmedia.kz.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектепте оқушыларға ұялы телефон ұстауға тыйым салына ма, жоқ па деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Мектеп негізінен саналы тәрбие мен сапалы білім беру керек. Сондықтан сабақ барысында мұғалім берген материалды толық меңгеріп, өз білімін шыңдауы керек. Әрине, бүгін де балаларымызды смартфондары алаңдататыны белгілі. Бұл жалпы бүгінде ата-аналар мен педагогтардан келіп түскен өтініштер мен шағымдардың нәтижесінде қабылданған шешім. Тағы шегелеп, қайталап айтамын, бұл сабақ барысында мұғалімдердің рұқсатынсыз оқушылардың смартфонды пайдаланбауына қатысты заң. Бірақ сабақ біткеннен кейін (сабақтан тыс уақытта) оқушы өзінің ұялы телефонымен ата-анасына хабарласып, жағдайын айтуға құқығы шектелген жоқ. Бұл – тек сабақ барысындағы шектеу, - деді Бейсембаев үкіметтің баспасөз орталығында.

Журналист «оқушылар телефондарды қайда қояды» деп сұраған. Бейсембаев қазір Мәжіліс заңды бірінші оқылымда мақұлдағанын айтты 

– Заң толық қабылданғанша ұйымдастыру мәселесі қолға алынады. Негізінен бұл әртүрлі әдіс-тәсіл.  Ең бастысы сабақтың үстінде оқушының негізсіз алаңдауына жол бермес үшін осындай шешім қабылданып отыр, - дейді ол.