Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары атой салған боксшы Есболат Нұрманов 53 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Спортшының бақилық болғанын Ғ.Мүсірепов атындағы қоғамдық қордың директоры Ғабиден Жәкей өзінің әлеуметтік желісінде хабарлады.
«Суыт хабар.... атақты бокшы Есболат Нұрманов мәңгілік мекеніне кетіпті. Егемен елдің тұңғыш кәсіпқой боксшысы, 17 жасында бокстан КСРО құрама командасының мүшесі болған, халықаралық дәрежедегі спорт шебері еді. Ол Арал өңірінің тумасы. Екеуміз сонау 1987 жылы Ленин атындағы ҚазПТИ-ның гидрогеология, барлау техникасы факультетінде бір топта оқыдық. 1990 жылдардың ортасындв кеден қызметінде жұмыс істеді. Иманың саламат болсын», – деп жазды ол.
Есболат Нұрманов кәсіпқой бокста 7 жекпе-жек өткізген. Ол 1993 жылдың 27 наурызында Украинаның Мариуполь қаласында израильдік боксшыға қарсы алғашқы кездесуін өткізді. Ал соңғы жекпе-жегі 1995 жылдың 9 желтоқсанында литвалық боксшымен болған.