×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Қызылша ауруы алаңдата бастады: науқастардың саны 20 мыңнан асты

06.12.2023, 18:05
Ашық дереккөзден

Аурудың ең жоғары деңгейі Шымкент, Алматы қалаларында, Алматы және Жамбыл облыстарында тіркелген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының басшысы Манар Смағұл брифинг барысында қызылша туралы мәліметтерді айтты.

“Қызылша ауруы елдің барлық аймақтарында тіркелген. Қызылшаға қатысты қолайсыз жағдайды ескере отырып, ата-аналардың назарын баласының вакцинация мәртебесіне аударғым келеді. Себебі, аурудың алдын алудың жалғыз тиімді жолы - вакцинация”, - деді ол.

Елімізде қызылшаға шалдыққандарға арналған 3,5 мыңнан астам төсек-орын қарастырылған. Стационарлық емделуде 2 375 бала бар. 

30 бала реанимация бөлімшелерінде ауыр жағдайда, оның ішінде 1 жасқа дейін – 15 бала.

Жоспарлы иммундаумен 1 жастан 6 жасқа дейінгі 600 мыңнан астам бала қамтылды. Бұл  – вакцинациялануға жататындардың 84%. Жыл соңына дейін осы жас тобындағы 100 мыңнан астам баланы қамту жоспарлануда.

Қызылшаға қарсы вакцинаның қосымша 1,5 млн дозасы сатып алынған. Бүгінгі таңда 500 мың доза келіп түскен. Желтоқсан айында 1 млн доза жеткізіледі деп күтілуде.

Серіктес жаңалықтары