Бүгін Ресейдің Брянск қаласындағы №5 гимназияның оқушысы мектепте оқ жаудырып, сыныптасын атып тастады, деп жазады Ulysmedia.kz.
Mash порталының мәліметінше, 8-сынып оқушысы А.Алина есімді қыз 4-қабатқа көтеріліп, сыныпқа кіріп жалма-жан оқ жаудыра бастаған. Оқушы қыз 5 адамды жаралап үлгерсе, 1 оқушы қыздың оғынан қаза тапқан. Соңынан А.Алина өзіне де оқ атып, суицид жасаған.
Оқиғаның басты себебі, қыздың сыныптастарымен жанжалдасып қалуы деп болжанып отыр.
Қыз қаруды ішке қорапқа салып кіргізген. Қару оның әкесіне тиесілі «Бекас-3»,16 калибрлі аңшы мылтығы.
Қазір мектеп ғимараты оқшауланып, қоршалған. Ресей Ішкі істер органы оқиғаға қатысты қылмыстық тексеру басталғанын мәлімдеді.