×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Жұмыртқа бағасы арзандай ма

08.12.2023, 09:00
Inbusiness.kz

Сауда желілері жұмыртқаларға арналған сауда үстемесін төмендетеді. Министрлік тиісті құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сауда және интеграция министрлігінің сауда комитеті «Magnum Cash & Carry» ЖШС-мен және «Скиф Трейд» (Small) ЖШС-мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша, атап айтқанда бірінші санаттағы (С1)  жұмыртқа бағасының маусымдық ауытқуына жол бермеу бойынша өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Сауда комитетімен жасалған келісім аясында Magnum Cash & Carry және Small басшылығы заңмен рұқсат етілген бірінші санаттағы жұмыртқалар үшін қолданыстағы 15% орнына 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін 10% сауда үстемесін белгілеу туралы шешім қабылдады.

Ал жұмыртқалардың басқа санаттарына (таңдаулы және екінші) Magnum Cash & Carry сауда желісі жаңа жыл қарсаңында көрсетілетін қызметтер үшін түрлі сыйақылар (тауарды жарнамалау және жылжыту, арнайы көрсету және т.б.) алмайтын болады.

Серіктес жаңалықтары