×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алаяқ "шетелдік күйеу жігіт" 2 миллион теңгеге тақырға отырғызды

09.12.2023, 15:00
Алаяқ "шетелдік күйеу жігіт" 2 миллион теңгеге тақырға отырғызды
Ашық дереккөзден

Ақтөбелік әйел шетелдіктен сыйлық аламын деп 2 млн теңгесінен айырылды. Әйел жігіт көрсеткен шотқа банк кассасы арқылы қомақты ақша жіберген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазан айының соңында 42 жастағы ақтөбелік әйелге әлеуметтік желіде белгісіз ер адам өзін шетелдік ретінде таныстырып, хабарлама жазған. Осылайша, "шетелдік" пен ақтөбеліктің арасында махаббатқа толы хат алмасу басталған. "Күйеу жігіт" әйелге сыйлықтар, зергерлік бұйымдар мен шетелдік валюта сатып алғаны туралы хабарлама жіберіп, сенімділік үшін сыйлықтардың бейнелері мен фотосуреттерін жіберген.

Әрі қарай бұл сәлемдемелерді жіберу үшін кедендік бажды төлеу қажеттігін айтып, әйелге есеп айырысу шотын жолдаған. Әйел жігіт көрсеткен шотқа банк кассасы арқылы 2 млн теңгеден астам ақша жіберген.

Ақшаны алғаннан кейін "күйеу жігіт" байланысқа шығуды тоқтатқан, ал жәбірленуші алаяқтың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінді.

Алаяқтық фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті "шетелдік күйеу жігіттер" ақша алғаннан кейін бірден із-түзсіз жоғалып кететінін ескертеді.

Интернеттегі таныстықтың қауіпті екені туралы жиі ескертілетініне қарамастан, аңғал әйелдер әлі де алаяқтардың арбауына түсіп, оларға өздерінің еңбекпен тапқан ашасын жіберетін көрінеді. Тіпті, несие алып беретіндер де бар.