×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы артты

09.12.2023, 18:21
Ашық дереккөзден

Қазақстандықтардың жалпы өмір сүру ұзақтығы 2022 жылы 74,44 жылды құрады. Бұл - ковидке дейінгі кезеңмен салыстырғанда көп, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

“Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда демографиялық көрсеткіштерде бірқатар оң үрдістер байқалады. Мәселен, халық санының өсуі тіркелді. Туу көрсеткіші артты, сәбилер мен аналар өлімі азайды, осы жылдар ішінде халықтың табиғи өсімі бес миллионнан астам адамды құрады. Ел азаматтарының орташа жасы 32 жасты құрайды. Ер азаматтардың өмір сүру ұзақтығы 7,7 жылға, ал әйелдердің өмір сүру ұзақтығы алты жылға артты. 2022 жылы жалпы өмір сүру ұзақтығы 74,44 жылды құрады. Ал 2019 жылы ковидке дейінгі кезеңде 73,18 жыл болатын, – деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова "Ардагерлер ұйымы"республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесі төралқасының кеңейтілген отырысында.

Сондай-ақ, ол Қазақстанда бүкіл әлемде сияқты 65 және одан жоғары жастағы адамдар санының өсу үрдісі байқалатынын атап өтті. Еліміз 2017 жылы қартайған халқы бар елдер тобына кірген. Бізде 65 жастан асқан адамдардың үлесі жеті пайыздан асады.

Серіктес жаңалықтары