×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Ақтау қаласының әкімі тұрғындардан кешірім сұрады

10.12.2023, 14:30
Ашық дереккөзден

Ulysmedia.kz тілшісі Ақтауда бірнеше шағын аудандарды жылумен қамтитын магистральдық жылу құбырында апаттық жағдай орын алып, жылу беру уақытша шектелгенін жазған болатын.

 

 

Қала әкімі Ұлықбек Тналиев апат болған жерге барып, жағдайды бақылауда ұстайтынын жеткізді.

"Жоғары шағын аудандарды жылумен қамтитын магистралдық 800-дік құбырда ақау шықты. Коммуналдық қызметтер осында келіп, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жағдай менің бақылауымда", - деді әкім.

Қала әкімі өзінің әлеуметтік желісі арқылы ақау кеткен жерді көрсетіп, уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрады.

Коммуналдық қызмет мамандары ақауды кешке дейін жөндеп, қалыпқа келтіруді жоспарлап отыр.

 

Серіктес жаңалықтары