×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Газа секторындағы апат: ДДҰ шұғыл отырыс өткізуде

10.12.2023, 18:10
Коллаж Ulysmedia

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының атқарушы кеңесі шұғыл отырыс өткізді. Негізгі себеп - Газа секторындағы бұрын-соңды болмаған гуманитарлық дағдарыс жағдайы, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сессияда сөйлеген сөзінде ДДҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейюс БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің атысты дереу тоқтатуға шақыратын қарар қабылдай алмауына қатты ренжіді.

"Газа тұрғындарын қорғаудың жалғыз нақты жолы - бітімгершілік", - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, Гебрейюс Газа секторындағы денсаулық сақтау шаралары қысқарғанын, дәрігерлер азайып, өте шектеулі ресурстармен жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Осы тұрғыда атқарушы кеңес мүшелері басып алынған Палестина территориясындағы адамдардың денсаулығын қорғауға бағытталған қарарды талқылауда.

Соғыс қимылдары басталғаннан бері Газада кем дегенде 286 медицина қызметкері қаза тапқан.

Серіктес жаңалықтары