АҚШ-та түсірілім кезінде актер Алек Болдуин байқамай операторды атып тастады. Бұл туралы KRQE телеарнасы полицияға сілтеме жасап хабарлайды.
Кино тобы Нью-Мексико штатының Санта-Фе маңында Алек Болдуинмен "Тот" фильмін түсірген-тін. Түсірілім кезінде қолданылған атыс қаруы екі адамды жарақаттады. 42 жастағы оператор Альбукерк қаласындағы ауруханаға санитарлық авиация арқылы жеткізілді, бірақ ол жарақаттан қайтыс болды. Зардап шеккен екінші адам 48 жастағы режиссер. Ол ауруханаға жатқызылды, жағдайы ауыр, деп жазады The Hollywood Reporter. Продюсерлік компания өкілінің айтуынша, қару оқталмаған болуы керек еді. Фильмнің түсірілімі тергеу жұмыстары үшін тоқтатылды.
Болдуин басты рөлдегі актер әрі фильмнің продюсері. Ол әйгілі қылмыскер Харланд Растаны (rust — ағылшынша тот) ойнайды. Ол жасөспірім немересі кездейсоқ кісі өлтірді деп айыпталған соң, отбасымен қашып жүруге мәжбүр болады.
Ал қайтыс болған оператор Украинадан.
Галина Хатчинс өз парақшасында кеңестік әскери базада қызмет еткен отбасында дүниеге келгенін және өскенін жазады Киев мемлекеттік университетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша бітіріп, содан кейін Ұлыбританияда деректі фильмдер түсірумен айналысқан.
Галина 2015 жылы АҚШ-та кинематографиялық білім алып, оператор ретінде жақсы танылады. 2019 жылы ол Америка кинематографиясының өсіп келе жатқан жұлдыздарының бірі деген атақ алады.