×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алғышарттары жоқ: Ақтөбе облысының әкімі Қазхромда «бәрі тұрақты» деп сендіреді

11.12.2023, 16:26
Алғышарттары жоқ: Ақтөбе облысының әкімі Қазхромда «бәрі тұрақты» деп сендіреді
Коллаж: ulysmedia.kz.

Әкімнің айтуынша, кәсіпорын қосымша цехтарды құруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz қаланы ұстап тұрған кәсіпорынның алдында тұрған проблемалар туралы жазған еді. Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтан "Қазхром" компаниясындағы жағдайды қалай бағалайтынын сұраған.

- Өңірдегі негізгі кәсіпорындардың бірі - Қазхром. БАҚ Қазхром кіретін ERG компаниялар тобының басшысының денсаулығына байланысты проблемалар бар, сондықтан жергілікті жерде жұмысшылар алаңдап отырғанын жазды. Бұл туралы не айта аласыз? - деп сұрады әкімнен.

Облыс басшысы алаңдауға негіз жоқ дегенге келтіреді.

– Президент өңірге барып, инвестициялық жобалармен танысты. Олардың (Қазхром) жұмысы тұрақты, олар қосымша цехтарды кеңейтуді және құруды жоспарлап отыр. Ұжымда құрылтайшыларымен қандай да бір проблемалар сезілмейді. Барлығы штаттық режимде жұмыс істейді. Іс-шаралар жоспары әзірленді. Ешқандай алғышарттар жоқ, - деді әкім.

Әйгілі «Еуразия үштігі» – Машкевич, Шодиев пен Ибрагимов империясының нағыз «інжу-маржаны» – «Қазхром» трансұлттық компаниясы. Осы акционерлік қоғам Қазақстанның ірі тау-кен және металл өндіретін кәсіпорындарын, оның ішінде Ақсу мен Ақтөбе облысындағы ферроқорытпа зауытын, Дон тау-кен байыту комбинатын біріктіреді. Сол кәсіпорын-зауыттар иелеріне қанша ақша әкелгені бір Құдайға аян. Ал осынау аста-төк байлықтың үстінде отырған ақтөбеліктердің күйкі тірлігі әлі қанша уақытқа жалғасатыны ойландырмай қоймайды. Ulysmedia.kz тілшісі де осы сұраққа жауап іздеген болатын.

«Еуразия үштігі» империясының осы кәсіпорындардан түсіріп жатқан шынайы табысы қанша екенін білу мүмкін болмады. Алайда сарапшылардың есептеуіне қарағанда, «Қазхром» ТҰК» АҚ Қазақстандағы басқа кәсіпорындардан қарағанда, табыстың көп бөлігін тауып отыр.

Ulysmedia.kz порталының аталған компания жайлы жазған зерттеу мақаласын мына сілтемеден оқи аласыз.