×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Смайылов әкімдерге өтірік ақпарат пен фейктерге тосқауыл қоюды тапсырды

12.12.2023, 14:33
Смайылов әкімдерге өтірік ақпарат пен фейктерге тосқауыл қоюды тапсырды
Ашық дереккөзден

Үкіметте жылыту маусымының өзекті мәселелері қаралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Жалпы елімізде күн күрт суытып кетті.
Осыған байланысты коммуналдық жүйелерге түсетін жүктеме де арта түседі. Мұндай кезде жылу және энергия объектілерінде штаттан тыс жағдайлар орын алатыны мәлім. Технологиялық ақауларға байланысты инциденттер болып жатыр. Бірақ, жылу беру толықтай тоқтап қалған жоқ”, - дейді премьер-министр.

Үкімет басшысының айтуынша, бұзылған учаскелерді нормативтік мерзімде қалпына келтіру бойынша шұғыл шаралар қабылданған. Премьер-министр әкімдіктерге тіршілікті қамтамасыз ететін барлық жүйелердің жұмысын ерекше бақылауда ұстауы қажеттігін ескертті.

“Авариялар болған жағдайда барынша шұғыл әрекет етіп, тиісті шаралар қабылдау керек. Халыққа нақты жағдай туралы, жөндеу жұмыстары мен жоспарлы жұмыстар туралы дер кезінде, объективті әрі түсінікті ақпарат беру – маңызды мәселе. Әйтпесе, өтірік ақпарат пен фейк тарап кетеді”, - дейді ол.

Әлихан Смайылов  бірқатар мәселеге назар аударды.

“Біріншіден, энергетика, өнеркәсіп министрліктері, өңір әкімдіктері мен энергия объектілерінің иелері барлық жылу жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуі тиіс. Екіншіден, «Қазақстан темір жолы» және «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниялары бірінші кезекте жылу станциялары мен қазандықтарға отынның уақтылы жеткізілуін қамтамасыз етуі қажет. Үшіншіден, өңір әкімдіктері жылу объектілерінің иелерімен бірге тұрақты жұмыс істейтін жөндеу бригадаларының болуын, шұғыл жөндеу жұмыстары қажет болған жағдайда қосалқы бөлшектердің әзір тұруын қамтамасыз етуі керек”, - дейді ол.

Сөз соңында Смайылов жылыту маусымының тұрақты өтуі әрбір өңір әкімінің жеке бақылауында болуы керектігін ескертті.