Сот бүгін қамауға алуды ұзарту туралы тиісті шешім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Журналист Думан Мұхаммедкәрімнің адвокаты Ғалым Нұрпейісов тергеудің әлі аяқталмағанын мәлімдеді. Сәйкесінше, сот журналисті қамауға алуды тағы бір айға ұзарту туралы шешім шығарған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Не дейді?" youtube-арнасының авторы және қаңтар айындағы оқиғаларды белсенді түрде жариялаған журналист Думан Мұхаммедкәрім мәжіліске сайлауға түскісі келсе де, “науқаннан” шеттетілген болатын.
Кейінірек полиция тәуелсіз журналистті азаматтарды "заңсыз әрекетке"шақырды деп айыптады.
22 маусымда Думан Мұхаммедкәрім тергеу сотының шешімімен екі айға қамауға алынды. Сот шешімін шығарған кезде адвокат болған жоқ. Кейін журналист Талдықорғанның тергеу изоляторына жеткізілді. Ол "тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысу" (405-бап, 2-бөлім) және "экстремизмді қаржыландыру" (258-бап, 1-бөлім) баптары бойынша күдікті деп танылды. Бұған бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовпен сұхбат негіз болды.