×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Астанада наразылық білдіріп, көшеге шыққан ешкім байқалмады

16.12.2023, 13:21
Астанада наразылық білдіріп, көшеге шыққан ешкім байқалмады
Аян Өрібай

Ulysmedia.kz тілшісі Астанадағы жағалауды, қала әкімдігі алдын, Астаналық базар мен Жастар сарайы жақты аралап шықты. Жағалау мен әкімдік жақта тек полиция қызметкерлері байқалды.

Жоғарыда айтылған орындардан қарағанда Жастар сарайы алдында тәртіп сақшыларының көбірек шоғырланғанын аңғаруға болады. Полиция көліктерімен бірге ол жақта жедел жәрдем көліктері де тұр. 

Қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш маңында полиция қызметкерлері мен БАҚ өкілдері ғана жүрді. Қарапайым адамның бұл аумаққа жетуі қиын. Тілшіміз осы орынға бара жатқанда полиция қызметкерлері одан БАҚ өкілі екенін дәлелдейтін жилет киюін, редакциялық тапсырманы көрсетуін талап етті. 

Бұған дейін Алматыда Oyan, Qazaqstan! қозғалысының белсенділері пикетке шыққанын жазған едік. 

Белсенді Әсем Жапишева Қантар оқиғасы кезінде қаза тапқан Айкөркем Мелдехан, сондай-ақ Желтоқсан мен Жаңаөзендегі оқиғалар бейнеленген плакат ұстап, марқұмдарды еске алды.