×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Кувейттің жаңа әмірінің есімі кім

17.12.2023, 14:31
Кувейттің жаңа әмірінің есімі кім
Globallookpress.com

Кувейттің тақ мұрагері шейх Машал әл-Ахмед әл-Сабах жаңа әмір болып жарияланды. Бұл туралы Кувейт мемлекеттік телеарнасы жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұған дейін Кувейт әмірі Наваф әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабахтың 87 жасқа қараған шағында қайтыс болғанын әмірдің кеңсе істері жөніндегі министрі Мұхаммед Абдалла Әл-Мүбарак ас-Сабахтың мәлімдеген еді.

“Өлмектің артынан өлмек жоқ” демекші, жаңа әмір жұмысына кірісті.

Ол – Кувейттің он жетінші, ал Ұлыбританиядан тәуелсіздік алғаннан бергі жетінші әмірі.

Мишааль әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах – Кувейттің бұрынғы әмірі Наваф әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабахтың інісі.

Марқұм Наваф әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах 1937 жылы 25 маусымда Кувейтте дүниеге келген. Ол 1921-1950 жылдары билік еткен Кувейттің шейх Ахмед ас-Сабахтың алтыншы ұлы. 2020 жылдың қыркүйегінде таққа отырған болатын.