×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Сумен қамту: шетелден қарызға алған 317 млн доллардың 30% ғана жұмсалған

20.12.2023, 10:34
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақстанның жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Наталья Годунова шенеуніктердің халықаралық деңгейде қарыз алып, жұмыс бастайтын жобалары тиімсіз деп мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжілістің жалпы отырысы барысында Годунова Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Ислам даму банкінің Қазсушар үшін алынған қарыздары шеңберінде 2017 жылдан бастап 317 млн доллар сомасына 61 жоба қаржыландырылғанын хабарлады.

– Аудит жүргізу кезінде 5 жыл ішінде тек 18 жоба (29%) тапсырылды, 37-і іске асыру сатысында (61%). 6 жоба (10%) бойынша жұмыс тіпті басталмағаны анықталды.

Себептері бірдей – сапасыз дизайн, жауапсыз мердігерлер. Жобаларды іске асыру мерзімін кешіктіру салдарынан Қазсушар шотында 6,5 млрд теңге игерілмей, жинақталып қалды. Бюджет оларды резервтеу үшін қосымша 1,7 миллиард теңге төледі, - дейді Годунова.

Ол сондай-ақ, шенеуніктер ел бюджетіне жобалар бойынша әлсіз жұмыстарымен ғана емес, бағам айырмашылығына байланысты шығындай қауіп төндіретінін атап өтті. Өйткені қарыз доллармен алынады.

Аудиторлық палата басшысы ЕҚДБ-ның 3 млрд теңгеден астам сомаға 8 қарыз жобасы шеңберінде сатып алынған жабдықтар мен салынған инфрақұрылым көзделген мақсатқа жарамағанын айтады.

– Ақыры, жоспарланған 4 мың гектарға жуық суармалы жер ауыл шаруашылығы айналымына енгізілмеген. ЕҚДБ қарызын мақсатсыз пайдаланудың тағы бір мысалы - Ақтөбе су қоймасынан Сазды арнасына су құбырын салу арқылы Ақтөбедегі Жасыл аймақ инфрақұрылымының объектілерін дамыту жобасы. Оны іске асыруға 1,5 миллиард теңге қажет болған. Бұл қарыз суару инфрақұрылымын қалпына келтіруге жоспарланған, ал іс жүзінде Ақтөбе саябақ аймағын абаттандыруға кетті, - дейді ол.

Годунова шенеуніктер саябақ салу үшін валюталық қарыз алмауы керек деп ескертті.

Аудиторлық іс-шаралар нәтижесі бойынша үкіметке және уәкілетті мемлекеттік органдарға су саласын басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған барлығы 91 тапсырма мен ұсыным берілген. Оның 41 орындалып, 50-і аяқталмаған. 2256 иесіз өздігінен төгілетін гидрогеологиялық ұңғыма проблема болып қалып отыр.

Серіктес жаңалықтары