Қарағанды облысында тәртіп сақшылары Қарқаралы қаласында адамдарға шапқан қасқырды өлтірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Қарағанды облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жүргізілген іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері Қарқаралы қаласының тұрғындарына шапқан (салдарынан адамдар дене жарақатын алған) қасқырды тауып, көзін жойды, - деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін желіде Қарқаралы қаласында адамдарға қасқыр шапқаны туралы ақпарат пайда болған еді. Алдымен зардап шеккен екі адам, содан кейін үш адам туралы хабар тарады.
Қарағанды облыстық ПД өкілдері бұл жағдайға түсінік берген болатын. Ауруханаға үш адам жүгінген, оларға құтыруға қарсы препараттар енгізілген. Үшеуі де амбулаториялық емдеуге жіберілген.