×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Астана әкімі LRT құрылысы аяқталатын мерзімді атады

22.12.2023, 11:36
Коллаж: ulysmedia.kz.

Жеңіс Қасымбектің сөзінше, алып құрылысты аяқтауға екі немесе екі жарым жыл керек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

– Құрылысты аяқтауға екі немесе екі жарым жыл керек. Қаржыландыру болған жағдайда… – деді Қасымбек ОКҚ алаңында.

Еске сала кетейік, бұған дейін көлік министрі Марат Қарабаев Астанадағы  LRT құрылысына 2023 жылы 45 млрд теңге, ал жұмыс ауқымы кеңейсе,150 млрд теңгеге дейін сұралатынын мәлімдеген еді.

Елордада жеңіл рельсті жобаны жүзеге асыру 2011 жылы басталғанымен, оның жыры жылдарға ұласты. Елордада қала әкімдері ауысты – олардың кейбіреулері жобаны қабылдамады. Соған қарамастан “жемқорлықтың ескерткіші” деген лақап атқа ие болған LRT-ге ақша бөлінген. Бұған дейін Астанада LRT ісі бойынша сотталушылардың үкімі өзгеріссіз қалғаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары