×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Қазақстанда саусақ ізін ерікті түрде тапсыру туралы заңға қол қойылды

23.12.2023, 15:31
Қазақстанда саусақ ізін ерікті түрде тапсыру туралы заңға қол қойылды
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін бірнеше заңға қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Атап айтқанда, президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі және дактилоскопиялық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Сонымен бірге «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін сәжіліс төлқұжат пен жеке куәлік рәсімдейтін азаматтарды саусақ ізін тапсыруға міндеттеу туралы бастаманы заңнан алып тастаған болатын. «Мемлекеттік корпорация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда талқылаған депутаттар осындай шешім қабылдаған.